«Омония» футболшысы алыстан гол соғу бойынша рекорд орнатты

30.10.2020, 19:52
Алдыңғы рекордтың өзі өткен аптада тіркелген екен.
«Омония» футболшысы алыстан гол соғу бойынша рекорд орнатты

Еуропа лигасының топтық кезеңінің 2-туры матчында голландиялық "ПСВ Эйндховеннің" қақпасына гол соққан (1:2) кипрлік "Омония" клубының 35 жастағы испаниялық жартылай қорғаушысы Хорди Гомес өзінің есімін турнир тарихына жазып қалдырды.

Opta статистикалық порталы атап өткендей, Хорди Гомес Еуропа лигасы тарихындағы алыстан соғылған голдың авторы атанды. Кездесудің 29-минутында жартылай қорғаушының 56 метр қашықтықтан жасаған соққысы голға айналды

Алдыңғы рекордты өткен аптада Шотландиялық "Рейнджерс" клубының шабуылшысы Кемар Руф Еуропа лигасының 1-турының "Стандардпен" болған матчында (2:0) орнатқандығы атап өтілген. Ол 50 метр қашықтықтан гол соққан еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×