Он екі турдан кейінгі жеңіліс

13.04.2012, 04:54
Он екі турдан  кейінгі  жеңіліс

 Ағылшын премьер-лигасының  33 турының ойындары да артта қалды. Жанкүйер сенімін ақтап, жеңістің биігінен көрініп келе жатқан команда «МЮ», қонақта  «Уиган» командасына есе жіберді. Бұл – команданың  ағылшын премьер-лигасындағы  ХІІ турдан кейінгі  жеңілісі екен. Енді команда 15 сәуір күні  өз алаңында «Астон вилла» командасымен кездесуін өткізеді.

    «Қызыл сойқандардың» бұл ойыны чемпиондық атаққа деген бір баспалдақты аттата алмады. Қонақта өтетін ойын ауыр соққанның күннің өзінде, фаворит команданың  аутсайдер командаға ауыз толтырарлықтай қауқар көрсете алмауы, жанкүйер күйінішіне ұласқандай. Алайда ағылшын премьер-лигасындағы кез келген команда осал емесі де хақ. Ойындағы «Уиганға» жеңіс сыйлаған жалғыз доптың  авторы – шотландтық шабуылшы Шон Мэлони.

    Дәл осы турдың аясында Лондондық дервилер «Фулхэм» мен «Челси» ойындары да болып өтті. Чемпиондар лигасының жартылай финалына шыққан «ақсүйектер», ел премьер-лигасының чемпиондығына үмітін үзіп те қойған. Қос команда арасындағы ойын тартысқа толы болып, екі команда бір-бірімен 1:1 есебімен ұпай бөлісті. Алайда, «Челси» командасы ағылшын кубогы жолындағы ойындарда да өз айтарының бары сөзсіз. Сонымен ағылшын премьер-лигасының 33 тур қорытындысы төмендегідей: 9 сәуір
18:00  Эвертон 4
 Сандерленд 0
18:00  Ньюкасл 2
 Болтон 0
 
18:00  Тоттенхэм 1
 Норвич Сити 2
20:30  Астон Вилла 1
 Сток Сити 1
 
23:00  Фулхэм 1
 Челси 1
10 сәуір
23:00  Блэкберн 2
 Ливерпуль 3
    11 сәуір  
22:45  Манчестер Сити 4
 Вест Бромвич 0
22:45  Уиган 1
 Манчестер Юн 0
 
22:45  Вулверхэмптон 0
 Арсенал 3
23:00  КПР 3
 Суонси Сити 0
   

 Турнир кестесі

1. Манчестер Юн 33 25 4 4 78:28 79
2. Манчестер Сити 33 23 5 5 79:26 74
3. Арсенал 33 20 4 9 66:41 64
4. Тоттенхэм 33 17 8 8 57:38 59
5. Ньюкасл 33 17 8 8 50:42 59
6. Челси 33 16 9 8 56:38 57
7. Эвертон 33 13 8 12 38:34 47
8. Ливерпуль 33 12 10 11 40:36 46
9. Фулхэм 33 11 10 12 43:43 43
10. Норвич Сити 33 11 10 12 46:52 43
11. Сандерленд 33 11 9 13 42:41 42
12. Сток Сити 33 11 9 13 32:45 42
13. Вест Бромвич 33 11 6 16 39:47 39
14. Суонси Сити 33 10 9 14 35:44 39
15. Астон Вилла 32 7 14 11 35:44 35
16. КПР 33 8 7 18 38:56 31
17. Уиган 33 7 10 16 31:57 31
18. Болтон 32 9 2 21 36:65 29
19. Блэкберн 33 7 7 19 45:70 28
20. Вулверхэмптон 33 5 7 21 34:73 22
 

Өмірбек  САНСЫЗБАЙ

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×