«Оңтүстік» академиясының қос бірдей ойыншысы «Ордабасы» клубында қаралымнан өтуде

24.01.2021, 21:18
Екі ойыншы да Седнёвтің көңілінен шықса, «Ордабасыда» қалуы мүмкін.
«Оңтүстік» академиясының қос бірдей ойыншысы «Ордабасы» клубында қаралымнан өтуде

"Оңтүстік" академиясының екі тәрбиеленушісі Жавланбек Бабаназаров пен Дәуренбек Жүсіпов "Ордабасының" оқу-жатиығу жиынына қатысып жатыр, деп хабарлайды KazFootball.kz.

"Оңтүстік" академиясының түлегі, 19 жастағы шабуылшы Жавланбек Бабаназаров мансабын 2018 жылы ләл осы клубта бастады. Екінші лигада негізгі команда үшін 3 матчқа қатысты. Шабуылшы шымкенттік клубта үш маусым бойы деп тепті. Негізгі командада 20 матч өткізіп, 1 гол соқты және жастар құрамасында 24 матч өткізіп, 9 голдың авторы атанды.

"Оңтүстік" академиясының тағы бір түлегі, 19 жастағы қорғаушы Дәуренбек Жүсіпов үш маусымда 13 матч өткізіп, 1 гол соқты. Команданың жастар құрамасы үшін 28 матч өткізіп, 1 гол соқты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×