Бас бапкермен жанжалдасқан Эдин Джеко «Ромадан» кетуі мүмкін

24.01.2021, 18:05
«Рома» осы аптада «Специямен» екі рет ойнады.
Бас бапкермен жанжалдасқан Эдин Джеко «Ромадан» кетуі мүмкін

"Рома" клубының бас бапкері Паулу Фонсека жанжалға байланысты команда шабуылшысы Эдин Джеконы А сериясының 19-шы турында "Специямен" өтетін матчтан (4:3) шеттету туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Corriere dello Sport.

Джеко мен Фонсека арасындағы жанжал сейсенбі, 19 қаңтарда, Италия Кубогінде "Специямен" болған матчта (0:3) орын алған. Босниялық ойыншы алаңға тек қосымша уақытта шыққан, бұл Джеконың көңілінен шықпады.

21 қаңтарда Фонсека Джеконы "Специямен" өтетін Италия чемпионатының матчынан шеттеткені туралы хабардар етті және форвард капитандық белгісінен айырылды. Джеконы оның досы, жартылай қорғаушы Лоренцо Пеллегрини қорғаған болатын. Басқа ойыншылар да бас бапкердің шешіміне наразылық білдірді, дегенмен босниялық шабуылшының бұл әрекеті бәріне ұнаған жоқ.

Футболшының агенті Джеконы "Вест Хэм Юнайтедке" ұсынып үлгерді. 34 жастағы шабуылшы осы маусымда А сериясының 15 ойынында жеті гол соқты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×