Соңғы онжылдықтағы ең нәтижелі қорғаушының есімі белгілі болды

24.01.2021, 16:42
Рамостың бірінші орында тұруы пенальтидің арқасы.
Соңғы онжылдықтағы ең нәтижелі қорғаушының есімі белгілі болды

Халықаралық футбол тарихы және статистика федерациясы (IFFHS) соңғы он жылда ең көп гол соққан қорғаушылардың тізімін жариялады.

Сонымен, рейтингте "Реал Мадрид" пен Испания құрамасының капитаны Серхио Рамос көш бастады, ол осы кезеңде клубтық деңгейде 71, ал ұлттық құрама сапында 18 гол соқты. Екінші орында 78 гол соққан гибралтарлық футболшы Джозеф Чиполина тұр. Үздік үштікті 73 гол соққан коста-рикалық Кейлор Сото түйіндеді.

Рамостың "Реал Мадридпен" келісімшарты 2021 жылдың жазында аяқталады. Әзірге тараптар келісімшартты ұзарту туралы ымыраға келген жоқ. Осы маусымда 34 жастағы футболшы 14 матчқа қатысып, екі гол соқты.

Бұған дейін Серхио Рамосқа "Манчестер Ситидің" қызығушылық танытып отырғаны хабарланған болатын. Футболшы 1 қаңтардан бастап басқа клубтармен келіссөздер жүргізе алады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×