Оңтүстік дерби тең нәтижемен аяқталды

15.08.2015, 02:10
Оңтүстік дерби тең нәтижемен аяқталды
"Ордабасы" мен "Қайрат" тең түсті Екі команда гол салмағанымен ойын тартысты өтті. Алаң иелері ойынды белсенді бастаған болатын. Дегенмен алғашқы қауіпті сәтті алматылықтар ұйымдастырды. Гоу айып алаңда екі қарсыласты қапыда қалдырып соққы бағыттауға ниеттенгенімен, қорғаушылар дер кезінде олқылықты түзей білді. Бірнеше минуттан кейін Исаэльдің тепкен добы қақпадан биік кетті. Екінші таймда да қарсыластар қауіпті сәттер ұйымдастырғанымен доп қақпаға дарыған жоқ. Осылайша, "Қайрат" екі ұпайын жоғалтса, Кумыков шәкірттері Еуропаны шулатып жүрген команданың аяғынан шалды. Ал, "Астана" болса Шымкенттегі нәтижеден кейін тур қорытындысы бойынша жеке-дара көш бастады. "Ордабасы"-"Қайрат" 0:0(0:0)    
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×