Оңтүстік дербиде «Ордабасы» жеңімпаз шықты

04.08.2014, 04:03
Оңтүстік дербиде «Ордабасы» жеңімпаз шықты
Оңтүстік дербиде шымкенттік «Ордабасы» қызылордалық «Қайсардан» басым түсті. Екі команда да үздік алтылыққа шығу мәселесін шешіп қойған болатын. Алайда бұл босансудің кезі келді деген емес. Қос команда да үш ұпай үшін жанұшыра ойнады. «Ордабасы» матч тағдырын алғашқы таймда шешіп қойды десе болады. Алдымен 11-ші минутта Еркебұлан Тұңғышбаев мергендігімен көзге түссе, 33-ші минутта Дәуренбек Тәжімбетов екінші мәрте қызылордалықтардың қақпасын дәл көздеді. Ал матчтың срңғы минуттарында Алтынбеков бір голмен жауап қайтарды. «Ордабасы» (Шымкент) – «Қайсар» (Қызылорда) 2:1 (2:0) Голдар: 1:0 – Тұңғышбаев (11), 2:0 – Тәжімбетов (33), 2:1 – Алтынбеков (88) www.prosport.kz
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×