«Оқжетпес» футбол клубы Түркияда алғашқы оқу-жаттығу жиынын өткізді

29.12.2011, 05:14
«Оқжетпес» футбол клубы Түркияда алғашқы оқу-жаттығу жиынын өткізді

Көкшетаудың «Оқжетпес» футбол клубы Түркиядағы алғашқы оқу-жаттығу жиыны кезінде кеше Ресейдің Воронеж қаласының «Факел» командасымен жолдастық кездесу өткізді.

Виктор Догадайло тізгінін ұстаған көкшетаулық аяқдопшылар бұл ойында қарсыластарына 0:3 есебімен есе жіберді. Олар бұған дейін 22-желтоқсанда Түркияның «Антальяспор» клубының қосалқы құрамын 2:1 есебімен ұтқан болатын.

«Оқжетпес» командасы Түркиядағы  2 апталық алғашқы оқу жаттығу жиынын бүгін аяқтап, ертең  Көкшетауға оралмақ. Бұл жиынға 30 футболшы шақырылған болатын. Олардың 14-і команданың өз ойыншылары, алтауы қазақстандық өзге командалардан болса, ал 10-ы  шетелдік  легионерлер. Жалпы «Оқжетпестің» қосалқы құрамы да кеше Степногор қаласындағы «Ақсу» стадионының базасында өткен  алғашқы оқу-жаттығу жиынынан оралған еді. Оған 1993-1995 жылдары туған 28 аяқдопшы қатысты.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×