«Оқжетпес» клубының 2021 жылға арналған бюджет мөлшері белгілі болды

06.01.2021, 04:09
Клубтың ойыншылар мен бапкерлердің алдында қарыздары бар.
«Оқжетпес» клубының 2021 жылға арналған бюджет мөлшері белгілі болды

Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, "Оқжетпестің" 2021 жылға арналған бюджеті 1,5 миллиард теңгені құрауы мүмкін.

Көкшетаулық клубтың ойыншылар мен жаттықтырушылар алдында төленбеген үш-төрт айлық жалақысы, сондай-ақ бонустар мен демалыс төлемдері бойынша қарыздары бар.

ҚПЛ-дің өткен маусымында "Оқжетпес" соңғы, он бірінші орынды иеленіп, Бірінші лигаға түсіп қалды. Андрей Карпович клубтан кетіп, жақында "Қызыл-Жар СК" клубының бас бапкері атануы мүмкін

Бұған дейін көкшетаулық клуб қорғаушы Алию Абубакармен қош айтысатыны туралы хабарлаған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×