Хавьер Маскерано Аргентина футбол қауымдастығында жаңа қызметке тағайындалды

06.01.2021, 04:24
Маскерано өткен жылы ойын мансабын аяқтаған еді.
Хавьер Маскерано Аргентина футбол қауымдастығында жаңа қызметке тағайындалды

"Барселона" мен Аргентина құрамасының бұрынғы ойыншысы Хавьер Маскерано Аргентина футбол қауымдастығында (AFA) жұмыс істейтін болады, деп хабарлайды ұйымның баспасөз қызметі.

"Хавьер Маскерано, Пабло Бланко және Оскар Эрнандес Ромеро AFA құрылымында әдістеме және даму департаментіне жауапты болады", - делінген хабарламада.

Маскерано "Барселонаның" намысын 2010 жылдан 2018 жылға дейін қорғады, содан кейін ол қытайлық "Хэбэй Чайна Форчун" клубына барды, содан кейін өз Отанына - "Эстудиантеске" оралды. Маскерано 2003-2018 жылдар аралығында Аргентина құрамасында ойнады. Ұлттық құрамада футболшы екі дүркін Олимпиада чемпионы (2004, 2008) атанды. 2020 жылдың қараша айында Маскерано 36 жасында мансабын аяқтайтынын жариялады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×