26 жастағы Дмитрий Шмидт - Өскемен футболының түлегі. Еңбек жолын "Восток" клубында бастаған. Ол сонымен қатар «Алтай», «Ақжайық» және «Ертіс» клубтарында ойнады. Жалпы, ол Қазақстан премьер-лигасында 90 матч өткізіп, 1 гол соққан. ⠀
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін "Оқжетпеске" қарағандылық «Шахтердің» экс-қорғаушысы, 24 жастағы нигериялық Алию Абубакар қосылған болатын.
Біздің серіктес: FONBET