«Оқжетпес» қорғаушы алмастырды

27.07.2020, 21:50
«Оқжетпес» жас қорғаушымен толықты.
«Оқжетпес» қорғаушы алмастырды

Көкшетаулық «Оқжетпес» 29 жастағы украиналық қорғаушы Андрей Мищенконың командадан кететінін хабарлады.

Келісімшарт тараптардың келісімі бойынша бұзылды. Андрей Мищенко «Оқжетпеске» ағымдағы маусым басталар алдында қосылды. Жалпы, Мищенко Көкшетау клубы үшін үш матч өткізді.

24 жастағы нигериялық қорғаушы Абубакар мансабын Көкшетаудың «Оқжетпес» клубында жалғастырады.

Абубакардың соңғы клубы Қарағандылық «Шахтер» болды. "Шахтер" құрамында қорғаушы бір матч өткізді. Бұған дейін ол «Слуцк», «Кеми» және "КуПС", «Дила Гори», «Бизертин», «Ашдод» және «Олимпик» командаларында ойнаған.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×