«Оқжетпес» үмітті ақтады

31.10.2011, 04:09
«Оқжетпес» үмітті ақтады

Осы аптада бірінші лигада сынға түскен командалар соңғы екі турдың ойындарын өткізіп, ел біріншілігін аяқтады. Чемпиондық атақты күні бұрын иемденген Қаскелеңнің «Сұңқар»  футбол клубының  аяқдоп шеберлері  өз алаңында «Лашын» және «Тарлан» ұжымдарын қабылдап, 6 ұпайға ие болды. Сөйтіп,  олар біріншілікті 77 ұпаймен қорытындылады. Екінші орындағы  Көкшетаудың «Оқжетпесі» болса, Семейде жергілікті «Спартакты» 5:2 есебімен тізе бүктірді, одан соң Екібастұзда  алаң иелерімен ұпай бөлісті. Мұндағы ойын нәтижесі – 1:1. Жерлестеріміз біріншілік қорытындысында 69 ұпай жинады. Олар 32 кездесудің 21-інде жеңістерін тойласа, 6 мәрте қарсыластарымен ұпай бөлісті.  Бес матчта жеңілістің ащы дәмін татуға мәжбүр болды. Доп айырмашылығы – 59:25. Турнир кестесінде  үшінші орын Өтеген батыр атындағы кенттің «Іле-сәулет» командасына бұйырды. Олардың еншісінде – 59 ұпай бар. Бірінші лигада тәп-тәуір өнер көрсеткен «Сұңқар» мен «Оқжетпес»  футбол ұжымдары енді келер маусымда премьер-лигада сынға түсетін болады.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Алдыңғы жаңалық
Үрленбеген доп…
Aladop Youtube
×