«Оқжетпестің» нигериялық қорғаушысы командадан кетті

04.01.2021, 01:44
Өткен жылы қорғаушы команданың негізгі ойыншысына айналған болатын.
«Оқжетпестің» нигериялық қорғаушысы командадан кетті

Нигериялық қорғаушы Алию Абубакар жаңа маусымда "Оқжетпес" жейдесінде өнер көрсетпейді, деп хабарлайды Vesti.kz. Маусымның нәтижесі бойынша көкшетаулық клуб Бірінші лигаға түсіп қалды.

"Оқжетпес" ынтымақтастықты жалғастыру туралы ұсыныспен Абубакарға жүгінген жоқ. Нигериялық футболшы жаңа команда іздестіруде. 24 жасар Абубакар 2020 жылдың қаңтарында Қазақстанға келген еді және ҚПЛ-де қарағандылық "Шахтері" үшін бір матч өткізді. Жазғы трансферлік терезеде орталық қорғаушы "Оқжетпеске" ауысып, негізгі құрамнан ойып тұрып орын алды. Көкшетаулық клуб үшін ол 11 матч өткізіп, бір нәтижелі пас берген.

Қазақстанға дейін Абубакар "Олимпик", "Слуцк", "Кеми" және "КуПС", грузиндік "Дила Гори", "Бизертин" және "Ашдод" командаларында ойнады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×