2020 жылы ең көп гол соққан футболшылардың тізімі жарияланды

04.01.2021, 03:24
Бұл тізімді құруда футболшылардың клуб пен ұлттық құрама сапында соққан голдары ескерілді.
2020 жылы ең көп гол соққан футболшылардың тізімі жарияланды

Transfermarkt порталы 2020 жылы ТОП-10 лигада ең кқп гол соққан футболшылардың тізімін жариялады. Есептеу кезінде ойыншылардың клуб пен ұлттық құрама сапында соққан голдары ескерілді.

Тізімнің басында "Баварияның" шабуылшысы Роберт Левандовски тұр, ол 2020 жылы 44 кездесуде 47 гол соққан. Екінші орынға "Ювентус" шабуылшысы Криштиану Роналду (45 ойында 44 гол) жайғасты, үшінші орында "Интер" шабуылшысы Ромелу Лукаку (52 ойында 40 гол) тұр.

2020 жылғы үздік сұрмергендер тізімі төмендегідей:

1. Роберт Левандовски ("Бавария") - 44 ойында 47 гол;

2. Криштиану Роналду ("Ювентус") - 45 ойында 44 гол;

3. Ромелу Лукаку ("Интер") - 52 ойында 40 гол;

4. Эрлинг Холланд ("Боруссия") - 37 ойында 39 гол;

5. Чиро Иммобиле ("Лацио") - 42 ойында 34 гол;

6. Килиан Мбаппе (ПСЖ) - 41 ойында 29 гол;

7. Бруно Фернандеш ("Спортинг" / "Манчестер Юнайтед") - 56 ойында 28 гол;

8. Лионель Месси ("Барселона") - 48 ойында 27 гол;

9. Мохамед Салах ("Ливерпуль") - 45 ойында 26 гол;

10. Паулиньо Диас ("Брага") - 44 ойында 25 гол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×