Роналду Пеленің рекордын жаңартты

04.01.2021, 16:03
Жалпы рекордты бұзуға бір гол қалды.
Роналду Пеленің рекордын жаңартты

Португалия құрамасы мен «Ювентус» клубының шабуылшысы Криштиану Роналду бразилиялық футболшы Пеленің көрсеткішінен асып түсті.

«Удинезеге» қарсы матчта Роналду 757 және 758 голдарын соғып, Пеленің рекордын бұзды. Ол мансабында «Спортинг», «Манчестер Юнайтед», «Реал Мадрид» және «Ювентус» командаларының сапында гол соққан.

Пеленің еншісінде ресми матчтарда соққан 757 голы бар. Ресми матчтарда ең көп гол соққан – Йозеф Бицан. Чехиялық шабуылшы 1931-1955 жылдар аралығында 759 мәрте көзге түскен.

Желтоқсанда «Барселонаның» 33 жастағы шабуылшысы Лионель Месси «Вальядолидтің» қақпасына гол соғып, бір клубтағы голдар саны бойынша Пеленің рекордынан асып түсті. Қазір Мессиде 644 гол, ал Пеледе 643 гол бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×