«Челси» Фрэнк Лэмпардтың орнына бапкер іздей бастады

04.01.2021, 16:10
«Челси» соңғы алты ойынның біреуінде ғана жеңіске жетті.
«Челси» Фрэнк Лэмпардтың орнына бапкер іздей бастады

Лондондық "Челси" "Манчестер Ситимен" болған ойындағы жеңілістен кейін бас бапкер Фрэнк Лэмпардтың орнын басатын жаттықтырушылар іздей бастады, деп хабарлайды The Athletic.

Егер команданың құлдырауы жалғасса, Лэмпард қызметінен босатылады. Алайда, маман "Челсидің" нәтижелері жақсарған жағдайда, клубта қала береді. Премьер-лиганың соңғы алты ойынында "Челси" бір ғана жеңіске қол жеткізді.

Лондонда, "Стэмфорд Бридж" стадионында Англия Премьер-лигасының 17-туры аясында "Челси" "Манчестер Ситимен" кездесті. Кездесу 1:3 есебімен қонақтардың пайдасына аяқталды.

Хосеп Гвардиоланың шәкірттері 15 матчта 29 ұпай жинап, Англия Премьер-лигасының турнир кестесінде 5-орынға көтерілді. "Челси" (26 ұпай) - 8 орында. Турнирдің көшбасшысы - "Ливерпуль" (33 ұпай).

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×