Қазақстандық клубтар оқу-жаттығу жиынын өткізу үшін шетелге бармайды

04.01.2021, 17:29
Әлі ешқандай клубқа бюджет бөлінген жоқ.
Қазақстандық клубтар оқу-жаттығу жиынын өткізу үшін шетелге бармайды

Бірінші лига мен Премьер-лигадағы футбол клубтары барлық оқу-жаттығу жиынын Қазақстанда өткізуі мүмкін, деп хабарлайды KazFootball.kz.

Әлемдегі коронавирусқа пандемияға және алдағы маусымдағы қаржыландыру мәселесіне байланысты барлық қазақстандық командаларда оқу-жаттығу жиынын өткізу үшін шетелге шыға алмау қаупі бар екендігі атап өтілді.

Командалар алғашқы ОЖЖ-ын өз алаңдарында өткізеді. Екінші және үшінші жиындар климаты ең жылы қалалар Алматы, Шымкент, Тараз және Ақтау қалаларында өтуі мүмкін.

Айтпақшы, "Тараз" алғашқы оқу-жаттығу жиынын өз жерлерінде өткізді, ал "Қызыл-Жар СК" жаңа маусымға дайындықты Петропавлда бастамақ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×