Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, Қазақстан құрамасының шабуылшысы Оралхан Өміртаев мансабын «Ақжайықта» жалғастырады.
23 жастағы шабуылшы өткен маусымның соңында келісім-шарт мерзімінің аяқталуына байланысты «Шахтерден» кеткен еді. Өміртаев қазір «Ақжайықтың» Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына қатысуда. Жақын арада Оралхан Владимир Мазярдың командасымен келісім-шартқа отыруы керек.
Өміртаев өткен маусымды «Тобылда» бастап, кейін «Шахтерға» ауысты. Бірақ қарағандылық клубтың негізгі құрамында жиі ойнамады. Соған қарамастан, шабуылшы үнемі Қазақстан құрамасына шақырту алды.
Біздің серіктес: FONBET