Оралхан Өміртаев “Слуцк” командасында қаралымда жүр

25 жастағы қазақстандық шабуылшы Оралхан Өміртаев мансабын белорустық “Слуцк” клубында жалғастыруы мүмкін, деп жазады Аладоп.кз.

Оралхан Өміртаев “Слуцк” командасында қаралымда жүр

Біраз күндер бұрын шабуылшы “Атыраудан” кетіп еркін агент атанған еді. “Мұнайшылар” үшін ол 30 ойын өткізіп, 2 гол мен 2 голдық пас берді.  Бұған дейін Оралхан өз мансабында  “Шахтер”, “Ақжайық” және “Тобыл” ұжымдарында өнер көрсеткен.

Өміртаев ҚПЛ жалпы алғанда 173 ойын өткізіп, 22 гол мен 11 голдық пас берді. 

Айта кететіні, Белорусия чемпионаттарында Данил Анкудинов (Днепр) пен Мирас Көбеевтер (Ислочь) өнкр көрсетеді. Қос ойыншы да көршілес елдің чемпионатына 2024 жылдың басында барып қосылды. 

Трансфермаркет Оралханды 175 мың еуроға бағалайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×