«Ордабасы» беларуссиялық бапкермен келіссөздер жүргізуде

18.01.2021, 19:28
Седнев бұған дейін Қазақстанда жұмыс істеген.
«Ордабасы» беларуссиялық бапкермен келіссөздер жүргізуде

Александр Седнев "Ордабасы" командасының бас бапкері болуы мүмкін, деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазіргі уақытта маман клубсыз жүр. "Ордабасы" жаңа бапкер іздеуді жеделдетуде, үміткерлер ішінде Седнев те бар. Клуб 47 жастағы маманмен алдын-ала келіссөздер жүргізіп үлгерген. Бірақ тағы бірнеше үміткер пысықталып жатқандықтан, шымкенттік клуб әлі нақты шешім қабылдаған жоқ.

Өткен маусымда Седнев беларуссиялық "Рух" клубында жұмыс істеді, оның бапкерлер штабында қазақстандық маман Андрей Ферапонтов болды, ал командада Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Владислав Васильев өнер көрсетті. 2018 жылы Седнев "Ақтөбе" клубының жаттықтырушылар штабында қызмет атқарды, ал келесі жылы ол команданың бас бапкері атанды.

Бұған дейін беларуссиялық БАҚ өкілдері БАТЭ клубы мен бірнеше ҚПЛ клубтарының Седневке қызығушылығы туралы хабарлаған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×