«Ордабасы» камбэк жасады

19.08.2020, 01:58
«Ордабасы» мен «Жетісу» нағыз футбол мерекесін сыйлады.
«Ордабасы» камбэк жасады

Шымкенттік «Ордабасы» 3:2 есебімен Талдықорғандық «Жетісуды» жеңді.

Төртінші турдағы ойын бүгін, 18 тамызда Алматы қаласындағы Орталық стадионда өтті және қонақтардың пайдасына 3:2 есебімен аяқталды.

Бірінші тайм «Жетісудың» пайдасына шешілді. 22-минутта португалдық жартылай қорғаушы Педро Еуженио Талдықорғадық команданы алға шығарды, ал 28-ші минутта болгариялық шабуылшы Мартин Тошев есепті еселеді.

«Ордабасы» 39-минутта серб қорғаушысы Александр Симчевичтің голымен жауап қатты. Үзілістен кейін шымкенттіктер есепті теңестірді - Қазақстан құрамасының шабуылшысы Сергей Хижниченко 54-ші минутта гол соқты, ал бразилиялық шабуылшы Жоао Пауло 63-ші минутта жеңісті голдың авторы атанды.

Жеті ұпаймен «Ордабасы» үшінші орынға көтерілді, ал «Жетісу» - төрт ұпаймен сегізінші орынға тұрақтады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×