«Ордабасы» керемет камбэк жасады

06.04.2021, 00:11
Шымкенттік клуб соңғы минуттарда екі гол соғып кетті
«Ордабасы» керемет камбэк жасады

"Ордабасы" футбол клубы Қазақстан Премьер-лигасының үшінші турында оралдық "Ақжайықпен" кездесті. Матч Шымкенттегі Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионда өтіп, 2:1 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілді.

Қос команда бірінші таймда гол соға алған жоқ. Ал 51-минутта шымкенттік клубтың капитаны Пабло Фонтанелло өз қақпасына гол соғып алды. 92-минутта Жоао Пауло пенальтиді сәтті орындап, есепті теңестірді. 97-минутта Еркебұлан Тұңғышбаев жеңісті голдың авторы атанды.

Шымкенттік ұжым бұл ойыннан кейін 6 ұпаймен екінші орынға көтерілді. 3 ұпайы бар "Ақжайық" сегізінші орында тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×