«Ордабасының» оңтүстік африкалық жартылай қорғаушысы Май Махлангудың клубпен әлі бір жылдық келісім-шарты бар. Бірақ қазір Түркия пандемияға байланысты өз аумағына көптеген мемлекеттің өкілдерін кіргізбейді және өкінішке орай бұл тізімге ОАР-да кіреді.
Сол себепті Махлангу қазіргі сәтте шымкенттік клуб сапына қосыла алмауда. Клуб басшылығы мен ойыншының өкілдері футболшының жақын арада командаға қосылуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасауда.
29 жастағы бельгиялық футболшы Зиги Бадибанга енді «Ордабасы» сапында ойнамайды. Бадибанганың шымкенттік клубпен келісім-шарты өткен маусым соңында аяқталды. Басшылық пен бапкерлік штаб бельгиялық жартылай-қорғаушымен келісімшарт мерзімін ұзартудан бас тартты. Жаңа маусымда бұл позицияда қазақстандық төлқұжаты бар футболшы өнер көрсетеді деп жоспарланған.
"Ордабасы" ФК баспасөз қызметі
Біздің серіктес: FONBET