Бүгін Қазақстан Премьер лигасының алтыншы туры аясында жанкүйерлерді нағыз тартысты матч күтіп тұр, деп хабарлайды Aladop.kz.
Шымкентте маусым басталғалы әлі жеңіліс дәмін татпаған екі ұжым — “Ордабасы” мен көкшетаулық “Оқжетпес” кездеседі. Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы Павел Евтеев бұл текетірестен не күтуге болатынын айтып берді.
Sports.kz тілшісіне берген сұхбатында маман екі команданың да қазіргі бабына жоғары баға берді. Оның айтуынша, алаң иелерінің басымдығы болғанымен, қонақтардың мінезі кез келген тосынсыйға дайын болуды талап етеді.
“Шымкентте осы маусымда әлі жеңілмеген командалар жолығады. Әрине, “Ордабасы” өз алаңында ойнағандықтан, жеңіске жету мүмкіндігі жоғары. Алайда “Оқжетпес” кез келген қарсыласқа соңына дейін қарсылық көрсететін ұжым. Бұл — мінезі бар команда, олар матчтың соңғы минуттарында, тіпті қосымша уақытта гол соғып, нәтижені жұлып ала алады.” — деді сарапшы.
Павел Евтеевтің айтуынша, бізді өте қызықты әрі шиеленісті кездесу күтіп тұр.
Естеріңізге сала кетейік, айтулы матч бүгін Шымкент қаласында өтеді. Ойынның басталуы жергілікті уақыт бойынша сағат 19:00-ге жоспарланған.