“Жеңіс” - “Ақтөбе” : 3 ұпайды кім иеленбек?

Бүгін, 11:47

Қазақстан Премьер лигасының алтыншы туры қарсаңында футбол сарапшыларының пікірі екіге жарылды, деп хабарлайды Aladop.kz.

“Жеңіс” - “Ақтөбе” : 3 ұпайды кім иеленбек?

Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы Вячеслав Эрбес елордалық “Жеңіс” пен “Ақтөбе” арасындағы кездесуге қатысты күтпеген мәлімдеме жасап, фаворит деп саналған команданың қазіргі деңгейіне күмән келтірді.

Маусым алдында көпшілік басты чемпиондық үміткер ретінде қарастырған “Ақтөбе” клубы соңғы ойындарымен сарапшының көңілін қалдырған сияқты. Эрбес Sports.kz тілшісіне берген сұхбатында Ақтөбеліктердің ойынына қатысты сыни көзқарасын ашық айтты.

“Ақтөбе” қазіргі ойынымен тәнті еткеннен көрі, көңілді көбірек қалдырып жүр. Чемпионат басталмай тұрып бәрі оларды басты фаворит санағанын ескерсек, бұл күтпеген жағдай. Меніңше, бұл матчта “Жеңіс” жеңіске жетеді немесе кем дегенде ұтылмайды.” – деді маман.

Өткен турда “Қызылжардан” 0:4 есебімен оңбай ұтылған “Жеңіс” командасы үшін бұл ойын — намысты қайраудың мүмкіндігі. Вячеслав Эрбестің пайымдауынша, елордалық ұжым бұл сәтсіздіктен сабақ алып үлгерген.

“Петропавлда не болғанын білмеймін, бірақ мұндай жағдай енді қайталана қоймас. Елордалық команда кез келген қарсыласпен терезесі тең ойнап, соңына дейін шайқаса алады. Олар міндетті түрде қорытынды шығарады." – деп толықтырды ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×