Бүгін Еуропа Лигасының
бірінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы
ойындары өтті. Еліміздің намысын алғашқы болып шымкенттік "Ордабасы" клубы қорғады. Алаң иелері Қажымұқан Мұңайтпасов стадионында Израильдың «Бейтар» командасын қабылдады.
Ойын басталысымен Ордабасы футболшылары шабуылға лап қойды. Дегенмен қарсылас команда да қарап қалған жоқ. Алма - кезек шабуыл, оңды - солды соққылар, қақпа маңындағы қауіпті сәттер. Алайда жанкүйерлер бүгін гол көре алмады. Сырт алаңда сауатты ойнаған «Бейтар» футболшылары алғашқы ойында тең нәтижеге қол жеткізді. Иерусалимде
"Ордабасыға" оңай тимесі анық. "Шахтермен" "Селтикті" сан соқтырып, Еуропа лигасының топтық кезеңіне алғаш боп жол ашқан Кумыков мырзаның қонақтарға жасар бір сыйы бар шығар. Оңтүстік өңірінің футболшыларына сенім артамыз.
«Ордабасы» (Шымкент, Қазақстан) — «Бейтар» (Иерусалим, Израиль) 0:0
Ескерту: Нұрғалиев 25, Әшірбеков 34 — Асклинн 37
«Ордабасы»: Сидельников, Сүйімбаев, Абдулин, Малый, Симчевич, Нұрғалиев, Әшірбеков, Касьянов, Адырбеков (Төлебек 75), Божич, Гейнрих (Петров 90)
«Бейтар»: Кляйман, Хила, Клаудемир, Магбо (Коэн И. 73), Матович, Асклинн, Ацили (Нахмани 64), Йерхуам, Жаири, Габбай, Коэн Л. (Замир 54)
Бас төреші: Дмитрий Мунтян (Молдова)
2 шілде Шымкент. Кажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадион.
Қақпаға бағытталған соққылар: 14 — 6
Дәл бағытталғаны: 3 — 2
Тәртіп бұзу: 14 — 14
Қақпа бағанасы мен маңдайшасы: 0 — 0
Ойыннан тыс қалу: 2 — 1
Бұрыштамалар: 10 — 5
Сары қағаз: 2 — 2
«Ақтөбе» мен «Нымме Калью» арасындағы ойында алаң иелері сүреңсіз ойын көрсетіп, сенімді ақтай алмады. Қарсылас команданың қақпасына қанша қауіпті шабуылдар ұйымдастырса да гол соға алмады. "Сен соқпасаң саған соғады", - демекші, эстондық клубтың бір серпілісі нәтижелі голмен аяқталды. Қонақта қайтер екенбіз? Сырт алаңда сауатты ойнап, бізге қажетті есепке қол жеткізсе, елге жеңіспен оралса екен деп тілек білдіреріміз анық. 13 мың жанкүйердің алдында абыройдан айырылған "Ақтөбе" клубының футболшылары өз қателіктерін түзетпесе болмайды. Еліміздегі Еурокубоктық ойындарда ең көп ойын өткізген тәжірибелі клуб эстондықтарға әлі де айтары бар шығар, мүмкін.
«Ақтөбе» — «Нымме Калью» 0:1 (0:0)
«Ақтөбе»: Покатилов, Аделейе, Мирошниченко, Дмитренко, Логвиненко (к), Жулпа, Хайруллин, Пиззелли, Неко, Дяк, Данило;
«Нымме Калью»: Телеш (к), Бяренгруб, Родригеш, Калласте, Дмитриев, Вунк, Топич, Меэеэл, Вакуи, Пурье, Кимбалула.
Қақпаға бағытталған соққылар: 33 — 13
Дәл бағытталғаны: 10 — 4
Тәртіп бұзу: 11 — 18
Қақпа бағанасы мен маңдайшасы: 1 — 0
Ойыннан тыс қалу: 0 — 1
Бұрыштамалар: 6 — 3
Сары қағаз: 2 — 2
Қызыл қағаз: 1 — 0
Ойыншы алмастыру: 3 — 3.
Алматының «Қайрат» клубы Сербияның танымал «Црвена Звезда» клубымен күш сынасады. Сырт алаңда жеңілмеуін тілейміз. Вайсс шәкірттері білгенін жаңылмаса болғаны. "Ордабасы" оңдырмады, "Ақтөбе" абыройынан айырылды, "Қайрат" қайтер екен?
Абылайхан ЖҰМАШ