«Қайрат» қаһарына мінген күн

04.07.2015, 05:04
«Қайрат» қаһарына мінген күн
Белградтағы «Қайраттың» сенімді жеңісі қазақ жанкүйерлеріне тамаша көңіл — күй сыйлады. Ойын 2:0 есебімен «Қайраттың»  пайдасына шешілді.  Ешкім күтпеген сыйды Вайсс шәкірттері жасады. Сырт алаңда жеңіске жетудің «Қайрат» үшін қаншалықты қиын екенін ұғынған жанкүйерлер тең ойынның өзін қанағат тұтқан. Алайда, алғашқы гол Райкович қорғаған қақпаға соғылғанда жеңіске деген үмітіміз оянды. Исламбек Қуаттың баспен берген әдемі пасын Гоу пайдасына жаратты. Ойынның екінші бөлігінде де бірнеше гол соғатын мүмкіндіктеріміз болды. Алаң иелері есепті теңестірем деп жүріп қақпаларына екінші голды жіберіп алды. Бұл жолы Ермек Қуантаев көзге түсті. Сонымен сырт алаңда сенімді түрде жеңіске жеттік. Алда әлі қарымта ойын бар. Білгенімізден жаңылмасақ келесі кезеңге өтуге мүмкіндігіміз бар. Біз сенімен біргеміз Қайрат! Қарымта ойын 9 шілде күні Алматыда өтеді. «Црвена Звезда» (Белград, Сербия) — «Қайрат» (Алматы, Қазақстан) 0:2 (0:1)  Голдар: Гоу 45 (0:1), Қуантаев 64 (0:2) Ескерту: Катаи 62 — Маркович 37, Гоу 87 Алаңнан қуылды: Павичевич 3 «Црвена Звезда»: Райкович, Цветкович (Йович 60), Павичевич, Анджелкович, Рендулич, Веред, Паркер, Катаи (Ристич 77), Савичевич, Ковачевич (Йованович 5), Орландич «Қайрат»: Плотников, Соарес, Гурман, Маркович, Қуантаев, Қуат (Көкеев 85), Исламхан (Сержиньо 62), Исаэл, Гоу, Риера, Лунин Бас төреші: Бартош Франковски (Польша) 2 шілде. Белград. «Црвена Звезда». Жерар Гоудың қайшылай депкен добы қақпада тулағанда стадионда отырған жергілікті жанкүйерлердің еңсесі түскені анық.   64-ші минутта алматылық клубтың футболшылары керемет комбинация ұйымдастырып Ермек Қуантаевтың «Црвена Звезда» қақпасына екінші голды соғуына мүмкіндік жасап берді.    Абылайхан ЖҰМАШ
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×