Луис Адриано "Миланда"

03.07.2015, 17:16
Луис Адриано "Миланда"
"Милан" донецкілік "Шахтермен" Луис Адрианоның трансфері жайында келісімге келді. "Шахтер" футбол клубының шабуылшысы Луис Адриано "Миланға" ауысты. Бұл жайында донецкілік клубтың ресми сайты хабарлап отыр. Трансфер құңы 8 миллион еуро. Луис Адриано "Шахтерға" 2007 жылы келген болатын. Сол уақыттан бері бразилиялық шабуылшы команда сапында 266 матчқа қатысып, 128 гол салды. Және Адриано клуб тарихындағы ең үздік сұрмерген. Футболшы "Миланмен" бес жылдық келісім- шартқа отырды. Бразилиялықтың жалақысы жылына 3,5 миллион еуро. Ерден НҰРАХМЕТ
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×