«Ордабасы» өз алаңында тең түсті

15.06.2025, 22:23

Шымкентте Қазақстан Премьер-Лигасының 12-туры аясында өткен кездесуде жергілікті «Ордабасы» мен семейлік «Елімай» 1:1 есебімен тең түсті.

«Ордабасы» өз алаңында тең түсті

Ойынның алғашқы минуттарынан-ақ алаң иелері белсенді басымдық танытып, қонақтарды жоғары прессингпен қыспаққа алды. Бірнеше қауіпті сәттер жасалғанымен, есепті алғашқы болып семейліктер ашты — 39-минутта Кевин Бенитес дәл соққымен өз командасын алға шығарды.

Екінші таймда да шымкенттіктер шабуылын үдетіп, тең есепке қол жеткізуге ұмтылды. Еркебұлан Тұңғышбаев бір сәтте бағананы дәл көздегенімен, гол болмады. Ақыры 85-минутта Хатем Муроджон Халматов есепті теңестірді. Есеп: 1:1.

Бұл нәтижеден кейін «Елімай» 18 ұпаймен, ал «Ордабасы» 17 ұпаймен турнирлік кестенің ортасында орналасып отыр.

«Ордабасы» — «Елімай» 1:1 (0:1)

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×