«Астана» камбэк жасап кетті

15.06.2025, 20:01

Бүгін Астанада Қазақстан Премьер-Лигасының 12-туры аясында жергілікті «Астана» клубы Көкшетаудың «Оқжетпесімен» кездесіп, 5:2 есебімен айқын жеңіске жетті.

«Астана» камбэк жасап кетті

Кездесу аса тартысты басталды. Бірінші таймның өзінде-ақ көрермендер бес голға куә болды. Алдымен қонақтар сапынан Стахинья Йованович (7-минут) пен Никола Цуцкич (26-минут) мергендік танытса, бұдан кейін «Астана» жылдам қарқынмен жауап берді: Усман Камара (29), Назми Грипши (33) және Марин Томасов (37, пенальтиден) небәрі сегіз минут ішінде үш гол соғып, командасын алға шығарды.

Екінші таймда астаналықтар шабуылын үдете түсті. 57-минутта Макс Эбонг Марин Томасовтың үшінші нәтижелі пасын голға айналдырып, есепті 4:2-ге жеткізді. Ал 86-минутта Станислав Басманов соңғы нүктені қойды. Қорытынды есеп: 5:2.

Осы жеңістен кейін «Астана» 30 ұпай жинап, турнир кестесінің бірінші сатысына көтерілді. Ал «Оқжетпес» 20 ұпаймен бесінші орында қалып отыр.

 

Матч нәтижесі:

«Астана» — «Оқжетпес» 5:2 (3:2)

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×