«Астана» - «Оқжетпес» ойынына болжам

15.06.2025, 17:06

Соңғы үш кездесуді жеңіспен аяқтаған «Астана» үшін тамаша мүмкіндік - бүгін үш ұпай алса, көш бастайды.

«Астана» - «Оқжетпес» ойынына болжам
Андрей Ферапонтов «Оқжетпес» бас бапкері

Алайда, Григорий Бабаяндағы жоспардың жолында  «Оқжетпес» кесе-көлденең тұр. Биылғы маусымның басты жаңалығына айналған көкшетаулықтар ҚПЛ-дің үздіктеріне тегеурінді қарсылық таныта алатын қауқарда: «Қайраттан» 2:1,«Елімайдан» 2:0 басым түсті. 

Елордалық клуб біраз күнде Еурододағы іріктеуін бастайды. Сондықтан, ішікі біріншіліктегі жағдайды қазір реттеп алу аса маңызды. Екі майданға ойнаудың азабы астаналық футболшыларға жақсы таныс. Қысқасы «Қайраттың» Талдықорғандағы кешегі сәтсіздігін тиімді пайдаланып, бірінші орынға шығып алу чемпиондық таластағы ұпайын арттыра түспек. Сондай-ақ, «Астана» үшін «Оқжетпестей» тегеурінді команданы ұтудың басқа да плюсі бар. Бұл әсіресе Григорий Бабаян шәкірттерін психологиялық тұрғыда шыңдай түспек. 

11 турдың қортындысында «Оқжетпес» бесінші сатыда тұр! Маусымның басында мұндай сюжет ешкімнің түсіне де кірмеген шығар? Андрей Ферапонтов өзінің біліктілігін тур сайын дәлелдеп келеді. Енді бүгін «Астананың» осал тұсын тапса, тіптен керемет. Көкшеталық команданы көпшілік бүгін аутсайдер санатына қосуда. Бірақ біздіңше, алаң иелері үшін оңай болмайды. Андрей Ферапонтов азулы қарсыласқа қарсы жоспарын құрып, Астанадан тиімді нәтиже алып қайту үшін бар мүмкіндікті пайдаланады. Бұл тұста көкшетаулықтар жағында тағы бір фактор бар -  «Оқжетпес» үшін нәтижеге байланысты айтарлықтай қысым жоқ деуге болады. Себебі, шағын клуб онсыз да керемет маусым өткізуде. Ал Григорий Бабаян мен елордалық клубтың жағдайы ондай емес. 

Болжам - ойынның жалпы тоталы 3-тен кем болады. Fonbet.kz-те бұл нұсқаға 1.52 коэффициентімен бәс тігуге болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×