«Ордабасы» «Тобылдың» тас-талқанын шығарды

16.09.2020, 22:51
Тазы ашуын тырнадан алады
«Ордабасы» «Тобылдың» тас-талқанын шығарды

Шымкенттік "Ордабасы" Премьер-лигадағы 6 турдың қалдырылған ойынында Қостанайлық "Тобылды" ірі есеппен жеңді.

Матч Алматыдағы "Жас Қыран" стадионында өтіп, 0:4 есебімен аяқталды.

Кездесудің 20-минутында "Ордабасының" португалиялық жартылай қорғаушысы Бриджиду есеп ашты. 61-минутта Жоао Пауло есепті еселеді. Матчтың аяқталуына екі минут қалғанда Зиги Бадибанга командасының үшінші голын соқты. Ал қосымша уақытта Жаңғылышбай тағы бір гол соғып, матчтың нүктесін қойды.

Ірі жеңістен кейін Шымкенттік ұжым турнирлік кестеде 13 ұпаймен үшінші орынға көтерілді. Өз қақпасына жауапсыз 4 гол жіберіп алған "Тобыл" бесінші орында қала бермек.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×