Исламбек Қуат өнер көрсететін команданың бапкері ауысуы мүмкін

16.09.2020, 18:42
«Химки» қазір соңғы орында тұр.
Исламбек Қуат өнер көрсететін команданың бапкері ауысуы мүмкін

«Чемпионат» порталының хабарлауынша, «Химки» бас бапкер рөліне Николай Писаревтің кандидатурасын қарастырып жатыр.

Мәскеу облысының клубы осы маусымда 7 турдан кейін небәрі 3 ұпай жинап, турнир кестесінде 15-орында тұр. Осы нәтижелерге байланысты Дмитрий Гунько бапкер қызметінен босатылуы мүмкін.

Ресейдің бұқаралық ақпарат құралдарында Гуньконың жақын арада отставкаға кетуі туралы жаңалықтар пайда болды. Бірақ Мәскеу облысының дене шынықтыру және спорт министрі Роман Трюшков шешім арнайы жиналыста қабылданатындығын мәлімдеді.

Айта кетейік, қазақстандық футболшы Исламбек Қуат жақында «Химки» қатарына қосылып, чемпионатта бір ойын өткізіп үлгерді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×