Пол Мерсон: «Ливерпуль» төртінші орынға түсіп кетуі мүмкін»

16.09.2020, 18:29
Шыңда қалу үшін ақша жұмсау керек деп ойлайды Мерсон.
Пол Мерсон: «Ливерпуль» төртінші орынға түсіп кетуі мүмкін»

"Арсеналдың" бұрынғы ойыншысы Пол Мерсон өткен маусымда Англия чемпионы болған "Ливерпуль" туралы ойымен бөлісті.

"Ливерпуль" төртінші орынға оңай түсіп кетуі мүмкін. "Лидспен" болған матчта жіберген голдарын қараңыз. Менің ойымша, «Ливерпуль» ойыншылары оңай жеңіске жетеміз деп ойлады. Олар ойыншы сатып алу керек.

Егер олар төртінші орынға түссе, мен таң қалмас едім. Командада әр апта сайын ойнауды қажет ететін көптеген футболшылар бар. Вирджил ван Дейктің жарақат алуға құқығы жоқ. Басқа қорғаушылар да. Егер шабуылдағы үштік жарақат алса, оларды алмастыратын ойыншы жоқ.

Мен тағы қайталаймын. Қазір чипстер мен гамбургерлерді көп сататын әйгілі жылдам тамақтану желісі бар, олар қанша танымал болса да, өз компаниясын жарнамалауды жалғастыра береді. Сол секілді шыңда қалу үшін сізге ақша жұмсау керек.

Егер «Манчестер Ситидің» кез-келген ойыншысы жарақат алса, олар бәрібір «біз сендерге қарағанда көп гол соғамыз» деген қағида бойынша ойнайды. Олардың құрамы өте үлкен. Сондықтан мен «Ливерпульге» алаңдаймын, оларда үнемі алаңға шығатын 5-6 ойыншы бар, әйтпесе команда әлсірейді», - деп келтіреді Мерсонның сөзін Sky Sports.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×