
Оңтүстік дербиінде кім жеңімпаз болады? Көпшілік дәл қазір бұл екі команданың қайсысының басым екенін дөп басып айта алмайтын шығар.
Себебі, маусым басында «Тұран» өзінің атақ дәрежесі жөнінен әлдеқайда мықты көршісінен тәуір көрінеді. Турнирлік кестедегі орны болсын, алаңдағы ойыны жағын салыстырып қарасаңыз да. Виталий Жуковскийдің Түркістанда тәуір ұжым жинақтағаны жайлы осыған дейін де бірнеше рет жаздық. Осыны дәлелдеп «Тұран» өткен демалыста көш басындағы «Астананы» тоқтата алды. Ол матчтың қортынды есебі ғана емес (1:1) ойынның өзі де тең дәрежеде өткендігін баса айту керек. Ал енді елордалық команда мен түркістандықтардың қаржылық мүмкіндіктерін салыстырып көріңіздер.
«Ордабасы» өзінің маусымдағы алғашқы үш ұпайын 5-турда ғана еншілеп, ес жиғандай көрінген. Түркістандағы «Жетісуға» қарсы дау-дамайға толы матчтағы жеңісімен Андрей Мартин шымкенттіктерді ақыры дағдарыстан алып шықты дегенге сенгіміз-ақ келеді. Бүгін енді сол жетістіктің кездейсоқ болмағанын «Тұранмен» теке-тіресте дәлелдеп беруі тиіс. Бұл кездесуде командалар арасындағы дербиден бөлек, бапкерлердің өзара бәсекесін де айту тиіс. Андрей Мартиннің Шымкентке бекер келмегенін дәлелдейтін уақыты келді. Қысқасы, Молодва-Беларусь бапкерлерінің де теке-тіресін тамашалаймыз. Міне осындай өте принципиалды ойын күтіп тұр бізді. Бәсеке сағат 16:00-де басталады.
Матчта көп дүние үзілістен кейін шешілетін сияқты. Біз екінші таймның тоталы 1-ден көп бола ма дейміз. Осы нұсқа ұнаса Fonbet.kz-тен 1.57 коэффициентімен бәс тігу мүмкіндігі бар.
Біздің серіктес: FONBET