Барса Реалды күйретіп, Кубокты тартып алды

27.04.2025, 15:30

"Барселона" Эль Класикода "Реалдың" арманын күлге айналдырды. "Реалдың" соңғы үміті жерге көмілді.

 

 

Барса Реалды күйретіп, Кубокты тартып алды

Бірінші таймда Барселона айқын басым болды және Ламине Ямалдың кері пасынан кейін Педридің алыстан соққан әдемі голымен командасын алға шығарды.

"Реал" жағдайды Килиан Мбаппе алаңға шыққаннан кейін айтарлықтай жақсартты. Ол айып добын қақпаның ішкі бағанына тигізіп, төменгі бұрышқа дөп түсірді.

Одан кейін Орельен Тчуамени Арда Гүлердің бұрыштамасынан баспен гол соғып, "Реалды" алға шығарды.

Бірақ "Барселона" есепті теңестірді: Ферран Торрес Ламине Ямалдың алыс пасына жетіп, қақпашы Тибо Куртуаны айналып өтіп, допты қақпаға енгізді.

Ханси Флик командасы негізгі уақыттың соңында Рауль Асенсионың Рафиньяға қарсы жасаған қауіпті әрекетінен кейін пенальтиге ие болғандай болды, бірақ бейнеқайталауды тексергеннен кейін төреші шешімді өзгертіп, Рафиньяға симуляция жасағаны үшін сары қағаз берді.

Қосымша уақытта Жюль Кунде өзінің маусымдағы төртінші голын соғып, матчтың тағдырын шешті.

Матч алдында төреші Рикардо де Бургос Бенгоэчеаға және "Реал Мадридтің” наразылықтарына байланысты үлкен дау туған еді.

"Реалдың” телеарнасы төрешіні сынаған бейнеролик жариялаған болатын.

Бірақ ойын барысында төрешінің шешімдері көп дау тудырмады.

120 минуттың соңында жағдай ушығып кетті. Мбаппе қарсыласты итергені үшін айыпталғаннан кейін "Реалдың” қосалқы құрамдағы ойыншылары ашуға булықты.

Антонио Рюдигер төрешіге бір зат лақтырып, Лукас Васкеспен бірге алаңнан қуылды.

Финалдық ысқырықтан кейін Джуд Беллингем төрешілерге ашулы түрде тап бергені үшін ол да  қызыл қағаз алды.

11 мамырда өтетін соңғы Эль Класико Ла Лигадағы чемпиондық тағдырын шешуі мүмкін.

"Барселона" требль жеңуге де үміткер. Олар Чемпиондар лигасының жартылай финалында Интермен кездеседі.

Айболат Өнер

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×