«Ордабасы» Түркиядағы оқу-жаттығу жиынын аяқтады

05.03.2021, 00:47
Шымкенттік клуб жиын барысында Бағдат Қайыров, Чиди Осучукву және Темірлан Ерлановпен келісім-шартқа отырды.
«Ордабасы» Түркиядағы оқу-жаттығу жиынын аяқтады

Шымкенттік "Ордабасы" бүгін Түркиядағы ОЖЖ аясында соңғы жаттығуын өткізді. Команда ертең Қазақстанға қайта оралып, жаңа маусымға дайындығын пысықтайтын болады. Айта кетейік "Ордабасы" Премьер-лиганың алғашқы турында "Қызыл-Жар" клубын қабылдайтын болады (14 наурыз).

Александр Седнев шәкірттері ОЖЖ барысында 6 кездесу өткізіп, бесеуінде жеңіске жетті, бір ойында жеңіліске ұшырады:

"Ордабасы" 3:0 "Ротор"

"Ордабасы" 1:0 "Агробизнес"

"Ордабасы" 1:2 "Динамо Мәскеу"

"Ордабасы" 4:2 "Динамо Батуми"

"Ордабасы" 5:2 "Алания"

"Ордабасы" 2:1 "Навбахор"

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×