«Астана» шетелде ойнап жүрген тәрбиеленушісін қайтарып алмақ

05.03.2021, 01:15
«Астана» бұл футболшыға негізгі құрамнан орын ұсына алмайды. Сондықтан басқа клубқа жалға кетуі мүмкін.
«Астана» шетелде ойнап жүрген тәрбиеленушісін қайтарып алмақ

19 жастағы қазақстандық жартылай қорғаушы Алдаир Әділов Белоруссиялық «Энергетик БГУ» клубынан «Астанаға» ауысады, деп хабарлады Айдын Қожахмет өзінің телеграм арнасында.

2017 жылы Алдаир елордалық клубтың футбол орталығынан испаниялық «Марсет» академиясына ауысқан болатын. Өткен күзде оны Беларуссия чемпионатына негізгі таланттарды жеткізушілердің бірі - «Энергетик БГУ» командасы қатарға қосты. Алдаир негізгі құрамда дебют жасай алмады, ол резервтік командада ойнады (бір гол соқты), бірақ негізгі құраммен жүйелі түрде жаттығу өткізіп жүрді. Жас футболшы негізгі құрамға ілігудің қиын болатынын сезген секілді.

«Астана» бұл ойыншының клубқа пайдасы тиюі мүмкін деп шешіп, оны алғашқы мүмкіндіктен-ақ қайтарып алмақ. Бірақ Әділов жыл соңына дейін ойын тәжірибесін көбірек алу үшін Бірінші лига клубтарының біріне жалға берілуі мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×