Ненад Эрич: «Менің әлі ойнауға күшім жетеді, сондықтан бапкер болуға дайын емеспін»

05.03.2021, 02:39
Эрич «Астана» сапында алты рет ел чемпионы атанды, Чемпиондар Лигасы мен Еуропа Лигасының топтық кезеңінде өнер көрсетті.
Ненад Эрич: «Менің әлі ойнауға күшім жетеді, сондықтан бапкер болуға дайын емеспін»

"Астана" аты аңызға айналған қақпашы Ненад Эричтің командадан кеткені туралы хабарлады. Қақпашы он жыл бойы елордалық клубтың намысын қорғады және өткізген матчтар саны бойынша рекорд орнатты.

Қазақстанның алты дүркін чемпионы Sputnik.kz сайтына берген эксклюзивті сұхбатында "Астанадан" кеткеннен кейін не істейтіні туралы, клубтың жаттықтырушылар штабында жұмыс жасаудан бас тартқаны жайлы айтып берді.

- Мансабыңызды жалғастырудың қандай нұсқалары бар?

- Мен қазір үйде отбасыммен біргемін, алдағы уақытта не болатынын айту қиын.

- Егер сіз мансабыңызды аяқтасаңыз, не істейсіз?

- Мен бүкіл өмірімді футболға арнадым, сондықтан, әрине, әрі қарай да футболдың айналасында болуды ​​қалаймын, қандай қызметте екенін әзірге айта алмаймын.

- Сізге "Астананың" жаттықтырушылар штабынан қызмет ұсынылғаны туралы ақпарат пайда болды. Неге бас тарттыңыз?

- Шынында да, "Астана" бапкерлер штабында қақпашылармен жұмыс істейтін жаттықтырушының қызметін ұсынды, бірақ менің әлі ойнауға күшім жетеді, сондықтан жаттықтырушы болуға дайын емеспін.

- "Астананың" алдағы маусымдағы мүмкіндіктерін қалай бағалар едіңіз?

- Мен "Астананың" чемпионаттағы жоғарғы орындар үшін күресуге қабілетті екеніне сенімдімін. Қазір командада жаңа құрам бар, және ең бастысы, команданы жеңістерге жетелейтін жарқын көшбасшылар - Марин Томасов, Антонио Рукавина, Тигран Барсегян секілді ойыншылар бар. Мен оларға шын жүректен осыны тілеймін және оларға қолдау көрсетемін.

- Қазіргі сәтте Қазақстан футболында қандай мәселелер бар?

- Егер мен қазақстандық футболдың мәселелері туралы айтсам, бұл дұрыс болмайды - оларды шешуге құзыретті адамдар көп. Бірақ, әрине, басты мәселе - инфрақұрылым. Қазақстандық футбол дамып келеді, бірақ егер әр аймақта базалар, стадиондар салынса, онда даму қарқыны жоғарылайтын еді.

- Сіз "Астанада" және Қазақстанда өзіңізді бақытты сезіндіңіз бе?

- Әрине. "Астана" мен Қазақстан менің екінші үйім болды, мен мұнда он жылдан астам уақыт өткіздім, өте жақсы футбол мансабын құрдым, көптеген достар таптым.

- Сіз үшін "Астана" сапындағы ең үздік матчты атай аласыз ба?

- Мұны жанкүйерлерден сұраған дұрыс. Бірақ АПОЭЛ командасымен болған матч естен кетпейді, біз Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне шыққан кезде өте керемет эмоцияларды бастан кешірдік. Әрине, еурокубоктердегі матчтардың барлығы дерлік есте қалады.

- Сіз көрермендердің сүйікті ойыншысы болдыңыз. Осы уақыт ішінде сізді қолдаған жанкүйерлерге не айта аласыз?

- Мен бір ғана сөз айтамын - рахмет! Он жыл бойы маған қолдау көрсеткені үшін, біз бірге бөліскен жеңістер мен жеңілістер үшін рахмет!

- Ұлттық тағамдардың ішірде сізге ұнағаны болды ма?

- Мен бесбармақ пен палауды жеп көрдім, ол қазақ тағамдары емес сияқты, бірақ ол Қазақстанда өте дәмді дайындалады, әрине, жылқы еті қосылады! Маған мұның бәрі қатты ұнайды, бірақ бешбармақ пен палау - майлы тағамдар, ал бізде, спортшыларда, режим бар, сондықтан мен оны жиі жемейтін едім, бірақ тағамдар өте дәмді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×