Украина жастар құрамасының бұрынғы ойыншысы мансабын Қазақстанда жалғастыруы мүмкін

05.03.2021, 03:20
«Оқжетпес» осы жылы Премьер-лигаға шығу үшін барын салады.
Украина жастар құрамасының бұрынғы ойыншысы мансабын Қазақстанда жалғастыруы мүмкін

"Рух" Львов клубының бұрынғы капитаны Игорь Дуць Қазақстанның Бірінші лигасында бақ сынайтын "Оқжетпес" командасына ауысуы мүмкін, деп хабарлайды FootBoom басылымы.

Футболшы қазірдің өзінде көкшетаулық клубтың ОЖЖ-на қатысуда және жақын арада командамен толыққанды келісім-шарт жасасуы мүмкін.

Бұған дейін Дуць "Ақжайыққа" ауысады деп күтілген еді, бірақ қос тарап ымыраға келе алмады. "Оқжетпеске" тағы екі украиналық футболшы қосылуы мүмкін: Дмитрий Рыжук пен Виталий Гошкодеря.

26 жастағы Дуць бұған дейін "Ильичивец" пен "Шахтер-3" командаларында ойнаған. Ол өз елінің жастар және жасөспірімдер құрамаларына шақыртылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×