«Ордабасы» украиналық шабуылшымен толықты

31.07.2021, 15:05
Футболшы командадан кеткен Тоқтар Жаңғылышбайды алмастырады
«Ордабасы» украиналық шабуылшымен толықты

Украиналық шабуылшы Дмитрий Хлёбас "Ордабасы" ойыншысы атанды, деп хабарлайды ҚКФЛ ресми сайты. Келісім-шарт осы маусымның соңына дейін жасалды. Шабуылшы шымкенттік клуб сапында 94-нөмірмен ойнайтын болады.

Өткен маусымда Хлёбас "Колос" үшін Украина Премьер-лигасында 12 матчқа қатысып, бір гол соғып, бір нәтижелі пас берді.

27 жастағы Дмитрий - "Динамо Киевтің" түлегі. Футболшы "Говерла", "Ворскла", "Динамо Минск", "Десна" секілді командалардың да намысын қорғаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×