27 жастағы украиналық шабуылшы Дмитрий Хлебас «Ордабасы» клубынан кетті, деп хабарлайды Footboom басылымы.
«Менің «Ордабасымен» келісім-шартым аяқталды. Қазақстандық клуб ынтымақтастықты ұзарту туралы ұсыныс жасаған жоқ. Әзірге болашағым туралы ойланып жүрмін. Мұның бәрі түсетін ұсыныстарға байланысты. Менің қалағаным бір нәрсе, ал оның қалай болатынын уақыт көрсетеді», - деді украиналық футболшы.
Еске салайық, Дмитрий Хлебас шымкенттік командаға осы жылдың тамыз айында қосылды. Содан бері 8 матч өткізіп, 1 гол соқты және 1 нәтижелі пас берді.
Біздің серіктес: FONBET