Қазақстан құрамасы 2021 жылды 119-орынмен аяқтады

23.12.2021 19:07 Ұлттық құрама

Ұлттық құрамамыз өткен жылмен салыстырғанда үш сатыға жоғарылады.

Қазақстан құрамасы 2021 жылды 119-орынмен аяқтады

Халықаралық футбол қауымдастықтарының федерациясы (ФИФА) ерлер командаларының жаңартылған рейтингін ұсынды.

Қазақстан құрамасы 2021 жылдың қорытындысы бойынша 119-шы сатыға жайғасты.

Еске салайық, биыл Талғат Байсуфинов шәкірттері 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде 8 матч өткізіп, 3 рет тең ойнады, 5 матчта жеңілді, сондай-ақ Солтүстік Македония (0:4) және Тәжікстан (1:0) құрамаларымен екі жолдастық кездесу өткізген болатын.

Жаңартылған ФИФА рейтингі:

1 (1). Бельгия - 1828 

2 (2). Бразилия - 1826 

3 (3). Франция - 1786 

4 (4). Англия - 1755 

5 (5). Аргентина - 1750 

6 (6). Италия - 1740 

7 (7). Испания - 1704 

8 (8). Португалия - 1660 

9 (9). Дания - 1654 

10 (10). Нидерланды - 1653

...

25 (25). Украина - 1535 

34 (34). Ресей - 1493 

84 (84). Өзбекстан – 1274

85 (86). Грузия - 1269

92 (92). Армения – 1242

94 (95). Беларусь - 1233

96 (96). Қырғызстан – 1228

107 (107). Эстония – 1176 

116 (115). Тәжікстан – 1157

117 (116). Ливия – 1151 

118 (117). Мозамбик - 1151 

119 (119). Қазақстан – 1140

120 (120). Әзірбайжан – 1146

121 (121). Зимбабве – 1138

122 (122). Гватемала - 1138

133 (133). Түрікменстан – 1117 

134 (134). Латвия - 1100

136 (136). Литва – 1091

181 (181). Молдова – 928.

1 пікір

  1. Серікбол Нақысбек

    Біз үшін қуантқан да, құлазытқан да жыл осы болды. Құрамамызды мақтап та, боқтап та үлгердік. Біз үшін барлығы орын алды. Алғаш болып бөркімізді аспанға аттық. Әлем футболының алыптарынан жарты саты төмен тұрған құрамалармен тең дәрежеде ойнап бір серпіліп қалдық. Футболымыз дамып жатыр деген алдамшы ой шынға айналғандай болды. Дегенмен, француздар барлығын орнына қойып беріп. Негізі, қазақта жас кезінде бас болып дау қайтарып жататын жағдайларды білетінек, бұл жолы жас француздың өнеріне қол соққаннан басқа амалымыз қалмады. Әлемде кез-келген жақсы, жаман (алкоголь тұтыну, ажырасу) жақтардан да алда тұратын біздің елдің футболы, бір алға жылжи алмады. Баяғы жартас, сол жартас деген біздің футболға арналып айтылған сөз секілді. Осылай топшыладық.