«Ордабасы» украиналық шабуылшыны керек қылмады

24.12.2021, 00:35
Шымкенттік клуб оған жаңа келісім-шарт ұсынбапты.
«Ордабасы» украиналық шабуылшыны керек қылмады

27 жастағы украиналық шабуылшы Дмитрий Хлебас «Ордабасы» клубынан кетті, деп хабарлайды Footboom басылымы.

«Менің «Ордабасымен» келісім-шартым аяқталды. Қазақстандық клуб ынтымақтастықты ұзарту туралы ұсыныс жасаған жоқ. Әзірге болашағым туралы ойланып жүрмін. Мұның бәрі түсетін ұсыныстарға байланысты. Менің қалағаным бір нәрсе, ал оның қалай болатынын уақыт көрсетеді», - деді украиналық футболшы.

Еске салайық, Дмитрий Хлебас шымкенттік командаға осы жылдың тамыз айында қосылды. Содан бері 8 матч өткізіп, 1 гол соқты және 1 нәтижелі пас берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×