«Шахтер» қазақстандық шабуылшымен келісім-шартты ұзартты

23.12.2021, 22:07
31 жастағы футболшы өткен маусымда ел кубогінің үздік сұрмергені атанды.
«Шахтер» қазақстандық шабуылшымен келісім-шартты ұзартты

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Айдос Тәттібаев «Шахтер» сапында өнер көрсетуін жалғастыра бермек. 31 жастағы футболшы қарағандылық клубпен келісім-шартын 2023 жылға дейін ұзартты.

Тәттібаев «Шахтерға» 2020 жылдың жазында «Каспийден» ауысып келген болатын. Өткен маусымда Айдос команданың негізгі ойыншысына айналды. Қарағандылық клуб үшін 37 матчқа қатысып, 14 гол мен 3 нәтижелі пасты өз атына жазды және Қазақстан кубогінің үздік сұрмергені (9 гол) атанды.

Айдос биыл Финляндияға қарсы матчта Қазақстан құрамасындағы дебютін жасады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×