«Ордабасы» жаңа бас бапкер тағайындады

21.01.2021, 21:31
Беларусь бапкеріне қазақстандық маман көмектесетін болады.
«Ордабасы» жаңа бас бапкер тағайындады

«Ордабасының» жаңа бас бапкері болып бларуссиялық маман Александр Седнев тағайындалды ⠀

47 жастағы маман бұған дейін «Белшина», «Динамо Минск», «Днепр» және қазақстандық «Ақтөбені» жаттықтырған. Өткен маусымда бапкер беларуссиялық «Рух» клубын баптаған. 2012-жылдан бері УЕФА-ның «Pro» дәрежесіне ие.

Александр Седневтың бапкерлік штабын Андрей Ферапонтов толықтырды. ⠀


Андрей Ферапонтов - 2017 жылы «Ордабасының» бас бапкерінің көмекшісі болған қазақстандық маман. 44 жасар бапкер бұған дейін «Қайрат», «Оқжетпес» және «Ақтөбе» сынды клубтарда жұмыс жасаған. Өткен жылы бресттік «Рух» сапында Александр Седневтың көмекшісі қызметін атқарған. Ол Қазақстан ұлттық құрамасы мен жастар құрамасында жаттықтырушы есебінде қызмет еткен. 2015-жылдан бері бапкер УЕФА-ның «Pro» дәрежесіне ие.

"Ордабасы" ФК баспасөз қызметі

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×