«Жетісу» барлық легионерлермен қош айтысты

21.01.2021, 19:53
«Жетісу» келесі маусымда нағыз отандық клуб болайын деп тұр.
«Жетісу» барлық легионерлермен қош айтысты

Өткен маусымда талдықорғандық «Жетісуда» ойнаған төрт легионер командадан кетті, деп хабарлайды KazFootball.kz.

30 жастағы португалиялық жартылай қорғаушы Педро Еуженио «Жетісу» сапында 17 матч өткізіп, 5 гол соқты, 4 нәтижелі пас берді.

30 жастағы литвалық жартылай қорғаушы Артурас Жулпа талдықорғандық клуб үшін 13 матч өткізіп, 1 гол соқты.

31 жастағы бельгиялық жартылай қорғаушы Доньет Шкодра 16 матчқа қатысып, 2 гол мен 2 нәтижелі пастың авторы атанды. Сондай-ақ командадан 28 жасар ганалық қорғаушы Дэвид Мавутор кетті, ол клуб сапында 76 матч өткізіп, 3 гол соққан, 2 голдық пас берген. Қорғаушы қазіргі уақытта «Ворскла» клубында қаралымнан өтуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×