«Ордабасы» футбол клубы жартылай қорғаушы Еркебұлан Тұңғышбаевты команданың жаңа капитаны етіп сайлады.
Вице-капитандар болып Темірлан Ерланов пен Пабло Фонтанелло таңдалды.
26 жастағы шымкенттік футболдың тәрбиеленушісі Еркебұлан Тұңғышбаев «Ордабасы» сапында 159 ойын өткізіп, 26 гол соққан. Сонымен қатар Қазақстан ұлттық құрамасы сапында 11 кездесуге қатысып, 1 гол соқты.
Еркебұлан Қазақстан чемпионатының алтын, күміс және қола жүлдегері болып табылады.
Біздің серіктес: FONBET