«Ордабасы» жартылай қорғаушы алуды жоспарлап отыр

03.05.2021, 19:32
Клубтың бұл позицияда ойнайтын 4 футболшысы да жарақат алған.
«Ордабасы» жартылай қорғаушы алуды жоспарлап отыр

KazFootball.kz сайтына белгілі болғандай, шымкенттік «Ордабасы» жаңа орталық жартылай қорғаушы алуды жоспарлап отыр.

Әңгіме тіреуіш жартылай қорғаушының позициясы туралы болып отыр. Қазіргі уақытта осы позицияда ойнай алатын төрт ойыншы да жарақат алған: Абдуллай Диакате, Чиди Осучукву, Май Махлангу және Самат Шәмші.

Осыған байланысты «Ордабасы» командасының жаттықтырушылар штабы шабуылдаушы жартылай қорғаушыларын осы позицияға қоюға мәжбүр болды. Осындай жағдайлардың әсерінен шымкенттік клуб өткен матчта «Қайраттан» оңбай жеңілді (0:3).

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×